Подать объявление
Почитать

Фермерлер ҚҚС төлеуді өздері таңдай алады. Бұл не үшін тиімді?

АгроТелега · 28 февраля 2025 · просмотров в Telegram: 575
Размер текста

Фермерлерге қосылған құн салығын (ҚҚС) ерікті түрде төлеу мүмкіндігі берілді. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин бұл шешімнің артықшылықтарын түсіндірді.

Оның айтуынша, фермерлер гербицид, пестицид, дизель отыны, тұқым сатып алғанда, кейде шетелден импорттағанда да ҚҚС төлейді. Егер олар ҚҚС төлемейтін болса, бұл сома өнімнің өзіндік құнына кіреді, яғни шығындары артады.

Ал ҚҚС төлеуші болған жағдайда, олар бұрын төленген салықты есепке ала алады және тек 12% мөлшерінде ҚҚС төлейді. Бұл фермерлер үшін қаржылық тұрғыдан тиімді шешім, деп атап өтті вице-министр.