Жетісу облысында 12-14 наурыз аралығында ауа температурасының көтерілуі күтіледі, бұл тау және тау бөктеріндегі өзендерде көлбеу ағынның қалыптасуына және су деңгейінің көтерілуіне әкелуі мүмкін. Өзендер арнасынан асып, су басу қаупі бар. Алакөл көлдері ауданында 12 наурыз күні күндіз солтүстік-шығыстан соғатын қатты желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.
Атырау облысында 13-15 наурыз аралығында қардың жедел еруі, еріген қар суының жиналуы және мұз құбылыстарының әлсіреуі күтіледі, бұл да су тасқынына әкелуі мүмкін. Әсіресе, Қызылқоға және Жылыой аудандарындағы өзендерге ерекше назар аудару қажет.
Ақтөбе облысында 13-18 наурыз аралығында осындай жағдай болжануда – қардың еруі мен су деңгейінің көтерілуі Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Байғанин, Үйл, Мұғалжар және Шалқар аудандарында су тасқыны қаупін тудырады. Сонымен қатар, 12 наурыз күні облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі.
12 наурызда Түркістан облысында шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін.
Аталған өңірлердің тұрғындарына сақтық шараларын сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, жол сапарын жоспарлауды ұсынамыз.
