Размер текста

Түркиялық Safi Holding компаниясы Қазақстанда жылына 140 мың тонна қант өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі. Зауыт 1 млн тонна қызылша өңдеуге қауқарлы болады. Инвестиция көлемі – 150–200 млн доллар. Қазір инвесторлар зауытты салуға қолайлы өңірді іздеуде. Министрлік жобаны іске асыруға толық қолдау көрсетуге дайын.
📸МСХ РК
