Размер текста

Түркістан облысында 20-дан астам адам рұқсатсыз су алғаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұзушылықтар Мақтаарал, Жетісай, Келес, Шардара аудандарында және Шардара су қоймасы маңында тіркелді. Су қоймасының оңтүстік жағында тереңдігі 1,4 метр, ұзындығы 3,7 шақырым болатын өз бетімен қазылған канал табылды. 140 гектар жер заңсыз суарылған, бір сағатта 480 текше метрге дейін су алынған. Жалпы шығын - 414 млн текше метр су.
Кінәлілерге шара қолданылды. Іс материалдары Арал-Сырдария бассейндік инспекциясына берілді. Рейдтерге полиция мен арнайы жасақ қатысуда.
