Размер текста

2024 жылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылған адамға шаққанда шамамен 5 млн теңгені құрады - бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп.
Бұл туралы Үкімет отырысында вице-министр Аманғали Бердалин хабарлады.
Оның айтуынша, АӨК саласында қазір 1 млн адам еңбек етеді, алайда технологиялардың дамуына байланысты еңбек ресурстарына сұраныс төмендеуде. Сонымен бірге саладағы жұмыс маусымдық сипатқа ие.
Бердалиннің мәліметінше, еңбек өнімділігі 2025 жылдың алғашқы тоқсанында да өсуін жалғастырып, тағы 10,6%-ға артқан. Бүгінде елімізде 285,5 мың ауыл шаруашылығы өндірушісі тіркелген.
АӨК саласы 6,5 мың маманға, оның ішінде 3,5 мыңнан астам білікті кадрға мұқтаж.
📸пресс-служба правительства
