Размер текста
Үкімет резервінен Қызылорда облысына 53 дизельді сорғы стансасын сатып алуға 1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігі. Бұл құрылғылар 6 мың гектардан астам жерді суаруға мүмкіндік береді. Өңірде 126,4 мың гектар суармалы жер бар, оның 82,4 мыңы күріш. Сырдариядан су беру кестесі әзірленіп, бекітілді.
